Анасы баласын өлтірген

Өз ұлын өлтірген қостанайлық сот алдында жауап береді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
46 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша қаралуда. Ведомствода мәлім етілгендей, оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында түнде болған
«Күдікті әйел 25 жастағы ұлымен Жаңа жылды қарсы алып, ішімдік ішеді. Таңғы сағат 08:00 шамасында ұлы анасынан спирттік ішімдік алатын ақша талап еткен. Өз кезегінде анасы қарсылық танытқан. Ашуланған ұлы анасын асхана шкафы тұрған жаққа итеріп жіберген», – делінген облыстық соттың хабарламасында.
Мұнан соң әйел үстелден пышақ алып, ұлын қорқытқан. Сондай-ақ, оң жақ қолына пышақ сұғып алған. Содан кейін кеуде тұсына пышақпен соққы жұмсады. Салдарынан ұлы оқиға орнында қаза болды.
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓