Жалақы жайлы нақтырақ…

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Елбасының Жолдауы аясында мұғалімдер жалақысының қалай өсетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.министр
Биыл Елбасы өз Жолдауында қазақстандық ұстаздардың жалақысын 30% арттыруға тапсырма берген. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі аталған міндеттің қалай жүзеге асырылатын айтып берді.
«Мұғалімдер жалақысының өсуі жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты. Бізде «Білім беру мен ғылымды дамытудың 2019 жылға арналған» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген арнайы кесте бар. Осының негізінде олардың жалақысы жоспар бойынша өседі. Қазіргі таңда елімізде 300 400 ұстаз бар. Олардың 67%-ының жалақысы осы жылы көбейеді. Ал қалған мұғалімдердің жалақысының көтерілуі жоспар бойынша жүргізіледі», – деді ол.
Осы орайда, вице-министр ұстаздардың жалақысы қалай өсетінін түсіндірді. Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1, 2, 5, 7-сынып мұғалімдерінің қызметтік жалақысы көбейеді. Ал 2018 жылдың қыркүйегінен 3, 6, 8-сынып ұстаздарының жалақысы артады. Сондай-ақ, 2019 жылы 4, 9, 10-сынып ұстаздарының, 2020 жылдан бастап 11-сынып мұғалімдерінің жалақысы көбейеді.

«Елбасы Жолдауында айтылғандай, ұстаздардың қызметтік жалақысының үстіне 30% қосылады. Мысалы, 15 жылдық еңбек өтілі бар, бірінші санаттағы ұстаздың жалақысы қала деңгейінде 24 мың теңге, ал бірінші санаттағы мұғалім ауылда 15 жыл еңбек етсе, оның жалақысы 25 880 теңгеге артады. Бірақ бұл барлық жүктемені қосқанда. Егер ол өзінің біліктілігін дәлелдесе», – деді Бибігүл Асылова брифингте.
Сонымен қатар, ол мұғалімдер жалақысының көбеюі тікелей біліктілігінің расталуымен байланысты екенін айтып өтті. Ал мұғалімдердің біліктілік деңгейі ұлттық бірыңғай тест арқылы анықталады.
«Екіншіден, ұстаздардың жалақысына үстеме ақы қосылады. Онда мұғалімдердің біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялар ұлттық біліктілік тест арқылы анықталады. Осы біліктіктілік деңгейінің расталуына байланысты мұғалімдердің жалақысына 20%-дан 50%-ға дейін үстеме ақы қосылады», – деді вице-министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓