Білім жарысына – қомақты қаржы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен мектеп оқушыларына қанша көлемде ақшалай сыйлық тағайындалатынын айтты. Бұл туралы  zakon.kz сайыт жазады.
Зияткерлік бағыттар бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында біржолғы ақшалай сыйлықтар тағайындау жоспарлануда. Бірінші орын үшін — 1500 АЕК (4 375 500 теңге), екінші орын үшін — 1000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) және үшінші орын үшін — 500 АЕК (1 458 500 теңге), – деп хабарлады Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, зияткерлік, шығармашылық, спорт бағыттары және WorldSkills бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарында оқуға гранттар берілетін болады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтар мен тәлімгерлер үшін де ақшалай сыйақылар қарастырылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында берген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓