Елгезек Ержан

"Ботақаным" байқауының 2-кезеңінің алғашқы қатысушысы – Әуезхан Ержан Абзалұлы. Жасы екіде. Арқалық қаласындағы "Золотой ключик" балабақшасының "Қуыршақ" тобына барады. Үйдің кенжесі. Ермахан есімді ағасы мен Жанбота атты әпкесі бар. Ержан кішкентай кезінен ән, тақпақ айтқанды, билегенді ұнатады. Жаңадан шығып жатқан машинаның түрлеріне және технологияға қатты қызығады. Ата-анасы жоқта ұялы телефонды алып, емін-еркін қолданудың ретін біледі. Сүйіп қарайтын арнасы – "Балапан", сүйікті мультфильмі – "Маша мен Медведь". Мінезі ашық, ешкімді жатырқамайды. Сонымен қатар, Ержан жануарларды жақсы көреді. Атқа мінуге қызығады. Ал ауылға барғанда ит пен мысықты көрсе, соңынан қалмай ойнайды. Кішкентай болса да киімдерді үйлестіріп кию ретін біледі.акб
ак
акбота
акбот
акбо

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓