Эган ВУХ, “Тобыл” футбол клубының ойыншысы: “Қазақстан халқы кедей тұрады”

«Тобылдың» чех легионері Эгон Вух Чехияның Ceske Noviny сайтына Қазақстан жайлы, Қостанай халқының тұрмысы туралы және біздің футболдың ахуалы жайында оқыған қазаққа ой салатындай сұхбат беріпті. Сондықтан, жаңа жыл қарсаңында жарық көрген сұхбаттың ең қызықты тұстарын аударып, қазақша тәржімесін назарларыңызға ұсынуды жөн көрген едік. Эгон Вух «Тобыл» сапына жазғы трансферлік кезеңде қосылып, қостанайлықтар үшін өткізген 12 ойында 3 голдың авторы атанған. Үш голды да 26 жасар жартылай қорғаушы 31-ші турда «Оқжетпес» қақпасына соқты. Чех журналистикасының бізге қарағанда бір ерекшелігі – олар сұхбатты қағазға сұрақ-жауап жүзінде жазбайды. Журналист өз ойын қосып отырып, үшінші жақпен әңгімелеп отырады.m0_fdl5xgns– Қостанайда 200 мыңдай халық тұрады. Қалада екі-ақ ойын-сауық орталығы бар. Басқа ешнәрсе жоқ. Жан-жақтың барлығында ылғи жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатады. Айналаң лас. Іш пысатын. Таңның атысынан күннің батысына дейін уақыт өлтіре алмай қиналатынбыз. Сондай кезде кейде ұшаққа билет алып, Астанаға тартып кететінбіз. Қостанайдан кейін мүлдем басқа әлемге түсіп кеткендей боласың.
– Қостанайда егде адамдар жылы шырайлы келеді. Бірақ жастардың бізге іштарлықпен қарайтынын сезетінбіз. Қазақтардың қандай жалақы алатындарын білмеймін, бірақ, сырттан келгендердің жалақылары көптеу. Сондықтан, жан-жақтан қызғаныштың белгісі сезіліп тұратын. Жеңісті ойындардан кейін сыра ішу үшін кафе, пабтарға барғанымызда бізді қорқытқандар да болған. Егер күзет қызметкерлері болмағанда ұрып кетулері де мүмкін еді. Жалпы, жергілікті халық кедей келеді. Жергілікті тұрғындардың ақшасы аз. Әлеуметтік жағдайлары төмен.
– Командаластарымнан бөлек, басқа қонақүйде тұратынмын. Тамақ жағынан проблема болған жоқ. Бұл жағынан бізге жақсы қарады. Бірақ бастапқыда жергілікті тағамға үйрену қиындау болған. Тіпті, ішім де ауырған.
– Қазақстанда «Астана» мен «Қайраттан» басқасының бәрі дөрекі ойнайды. Мәселен, Чехияда ойнап жүргенімде бір-бірімізге құрметпен қарайтын едік. Ал мұнда, тіпті, жаттығулардың өзінде футболшылар бір-бірін аямайды. Өзім жаттығулар кезінде үш рет жарақат алып үлгердім. Бір күні шыдай алмай, басшылыққа да шағымданғанмын.
– Өкінішке қарай, Еуропа лигасының жолдамасына қол жеткізе алмадық. Соңғы ойын біздің жеңісімізбен аяқталды. Басты бәсекелесіміз «Ертіс» өз алаңында басқа команданы қабылдап жатқан. Өзіміздің ойын біте салысымен бәріміз қатар өтіп жатқан кездесудің нәтижесін білу үшін трибуна астына жүгірдік. Төреші қосқан қосымша уақыт өтіп жатыр екен. Тең ойнап жатты. Кенет ойынның аяқталуына 20 секунд қалғанда қақпашы болмайтын гол жіберіп қойды да, павлодарлықтар 1:0 есебімен ұтып, біз еурокубоксыз қалдық.
– Жалпы, Қазақстан футболының деңгейі әжептеуір жоғары. Әр клубта «Славиядағы» Даннидің деңгейіндегі 2-3 футболшыдан бар. Бізбен салыстырар болсақ, Қазақстандағы үздік үштіктегі команда Чехия чемпионатында көшбасшылықтан түспес еді. Сондықтан, «Астана» «Славияны» жеңіп кеткенде таңғалған жоқпын.
– «Тобылмен» тағы бір жыл келісімшартым бар. Әлбетте, басқа елдерден де ұсыныстар болған. Әзірбайжан астанасы Бакуге шақырды, Өзбекстан клубынан ұсыныс түсті. Бірақ, Қостанайда қалуды жөн көрдім. Алдағы уақытта «Астана» немесе «Қайратта» ойнасам деймін.
– «Тобылмен» тағы бір жыл келісімшартым бар. Әлбетте, басқа елдерден де ұсыныстар болған. Әзірбайжан астанасы Бакуге шақырды, Өзбекстан клубынан ұсыныс түсті. Бірақ, Қостанайда қалуды жөн көрдім. Алдағы уақытта «Астана» немесе «Қайратта» ойнасам деймін.
Міне, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Эгон Вух Чехияның Ceske Noviny сайтына біздің ел туралы осылай деп сұхбат беріпті. Келіспеуге де болмайды. Әр сөзінің астарында бір шындық жатыр. Өтірік деп айта алмайсың. Өзіміз білетін, бірақ айтуға жүрексінетін нәрселердің барлығын алдымызға ақтара салыпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓