Жылдық есеп
Тағы бір жылды тәмамдап, келер жылы қадам басар алдында барлық мекемелер, ұйымдар жылдық есеп беріп жатады. Мұндай есепті әр адам да бергені дұрыс болар еді. Біреуге емес, өзіне өзі есеп берсе, жыл бойына жасаған істерін қорытындылап, түйін шығарса артық емес.
Мен жылымды жақсы өткіздім деп сеніммен айта аламын. Оның жақсы болуына жақсы-жайсаңдармен кездесіп, ғибратты әңгімелерін тыңдағаным тікелей ықпал етті. Қазақтың маңдайына біткен марқасқалары – жазушы Төлен Әбдік, жезтаңдай әнші Нұрғали Нүсіпжанов, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, ақын Ұлықбек Есдәулет – бәрі де Тобыл-Торғай өңіріне келіп, жарқын жүздесулерге себепші болды. Әр кездесуден бір ой түйесің, жылдың есебін берерде де сол ойлар тірек болады екен…
…Жылдың басында Қостанайға Асқар Наймантаев ағам келді. Жарнамалауға уақыт тығыз болып, концертке аз ғана халық жиналды. Бірақ, келгендері Асекеңнің өнеріне тағы бір мәрте бас иіп кетті.
– Бес адам болса да, концертті қоя беремін. Келмегендер үшін, келгендердің жазығы жоқ қой, – деді белгілі актер, сатирик. – Жуырда жаныма бір жас әнші жігітті ертіп алып, шалғай ауылдарды аралап концерт қойдым. Ауылдарда қонақүй бола бермейді, бірақ барын жайып салып, күтіп алатын кеңпейіл халқымыз бар. Бір азаматтың үйіне қонып, таңғы шайымызды ішіп отырсақ, жаңағы жас жігіт үй иесінен кофе сұрап отыр. Кофе болмай қалғанға үй иесі қысылып, жанымдағы баланың кофе сұрағанына мен ұялып, ыңғайсыз жағдайға қалдық. Шығып алып, ана балаға «Әй, сен дүниеге келіп, көзіңді ашқаннан бері, кофе ішіп жүр ме едің? Әдеп қайда, тәрбие қайда?» деп дүрсе қоя бердім. Бұл не деген бассыздық? Біз халықтың адамымыз, елге қызмет ету үшін жүрген жоқпыз ба?…
Өнер жолында жүрген нағыз азаматтың сөзі. Пікір қосуды да қажет етпейді.
…Биылғы жылы халыққа қызмет етудің керемет бір үлгісін опера әншісі Роза Нұркей көрсетіп берді. Туған еліне келіп, қайырымдылық концерт берді. Бір емес, екі концерт берді. Біреуін облыс орталығында, екіншісін Арқалықта. Екеуіне де халық көп жиналды. Бекзат өнердің тұнығынан сусындап, өнерлі қызына батасын беріп жатты. Концерттен жиналған қаражатты, бір тиынын қалдырмай мұқтаж жандарға көмектесті. Бұл туралы жаһанға жар салып, жарнамалаған да жоқ.
Облыс басшысы «ЭКСПО» көрмесінің аясында өткен Астанадағы жерлестер кездесуінде өнерлі қыздың игілікті ісін атап көрсетіп, алғысын білдірді. Жасаған жақсылық, елге еткен еңбек ешқашан ұмытылмайды…
…Дәстүрлі «Алтын микрофон» байқауында қазылар алқасына композитор Кеңес Дүйсекеев ағамыз төрағалық жасады. Үш күн бойы Кеңес ағаның жанында жүрдім.
– Айналайын, бұл жасап жатқандарың керемет шаруа! Біз осы байқаудан талай бүлдіршіндерге жол ашып, өнерімен өрге шығуына көмектесеміз! Қазақтың әнін, қазақтың өнерін биіктерге жетелеу – бәріміздің парызымыз, – деді композитор қоштасып тұрып.
Шынымен де, осындай шаруа атқардық деп марқайып қоя салмай, ертеңгі күні атқарар ісімізді, көтерер жүгімізді пайымдап отырғанымыз да жөн болар. Шамамыз жеткенше ұлтымызға қызмет етіп, халқымыздың асыл қазынасын, жауһар өнерін дәріптеуге үлес қоссақ – одан асқан жетістік жоқ шығар?!
Жылдық есебімнің түйіні осы болсын.

Ісіңіз ілгері , қадамдарыңыз сәтті болсын!
Рахмет, Ерлан! Өркенің өссін!
Құрметті Ерлан бауырым, сенің осындай қабілеттерің мен өнеріңе, білімің мен білігіңе тағы да орнықты және сай келетін қызметтегі лауазымыңдағы осындай игі істерің өзіңнің шебер, өз ісінің хас шебері, маманы екендігіңнің бір көрінісі болып табылады. Мәдениеттегі тілдерді дамыту, өнер мен салт-дәстүрді жаңғырту, сал-серілік – жалпы өңіріміздің мәдениетін жаңғыртып, өркендеуіне бағытталған игі істерің оңынан болсын. Сені тіл, мәдениет жанашыры деп білетін науырзымдықтар атынан өзіңе тек қана толағай табыстарға жете беру жолында сәттіліктер тілейміз.
Жарайсың, Ерлан бауырым! Әрбір басшы өзінің жылдық есебін осылайша түйіндесе, неге әлемдегі 30 елдің қатарына қосылмасқа! "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясындағы еңбектеріңіздің жемісін көрейік! Биылғы жыл сәттілік жылы болғай!