Электр желісіне қосылу тетіктері
Жақында бір топ оқырман редакция поштасына ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру туралы сауалнама жолдаған. Қойылған сұрақтарға жауап алу үшін біз ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитетінің аумақтық департаменті басшысы Нұрлан Қуатовқа жолықтық.
– Нұрлан Дарабайұлы, облыста жарықпен қамтамасыз ету жүйесінде әлдебір іркілістер бар ма? Жалпы, электр желілеріне қосылудың қандай талаптары бар?
– Әуелі, электр энергиясын пайдалану ережесіне тоқталайық. Негізінен, желілерге қосылу үрдісі жөніндегі электр өндірушілерінің, таратушылар мен қамтамасыз ету ұйымдары мен тұтынушылардың республика аймағында қолдану тәртібі көрсетілген. Электр беруші немесе өндіруші ұйымдар жарық жүйесіне қосылу үшін әрбір тұтынушыға техникалық шарттарды береді. Ал көппәтерлі үйлерге техникалық шарттар кондоминимум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді. Техникалық шарт тұтынушының электр желісіне қосылуына оның өтініші негізінде ұсынылады. Алдымен, тұтынушы электр қуаты көрсеткішін сәл ертерек көрсетуі тиіс. Жоғарыда айтқан техникалық шарттар белгіленген көрсеткіштен соң қанағаттандырылады. Сол сияқты электрмен сырттан жабдықтау схемасы да өзгеруі тиіс.
– Осы ретте тұрғындар тарапынан тағы бір сұрақ туындайды: көрсетілген рәсім үшін төлемақы алына ма? Техникалық шартты беру мерзімі белгіленген бе?
– Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым өтінім алынғаннан кейін жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді. Мәселен, қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына 5 жұмыс күні ішінде, ал 200 кВт – 1000 кВт арасындағы электр қондырғыларына 10 жұмыс күні ішінде беріледі. Сондай-ақ, 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына жарты ай ішінде көмек көрсетіледі. Нақты айта кетерлігі, техникалық шарттарды беру және қайта рәсімдеу үшін төлемақы алынбайды. Тұтынушылардың электр қондырғыларының жаңартылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. Электр қондырғыларының жобалық шешімдерінің берілген шарттарға сәйкестігі төмендегідей мерзімде қарастырылады:
– қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғылары – 3 жұмыс күні ішінде;
– 200 кВт дан -1000 кВт аралығында электр қондырғылары – 7 жұмыс күні ішінде;
– 1000 кВт жоғары электр қондырғылары – 12 жұмыс күні ішінде.
– Энергия беруші немесе өндіруші ұйымдар электр қондырғыларын желіге қалай қосады? Тұтынушылар тарапынан қандай ді бір қадамдар талап етіле ме?
– Ережеге сәйкес, желіге қосылатын барлық тұтынушылардың қондырғылары жобалық және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасына сай орындалуы тиіс. Электр қондырғылары пайдалануға енгізілгенге дейін қабылдау-тапсыру сынағынан өтеді және тұтынушы оны құрастыру-реттеу ұйымынан акт бойынша қабылдайды.
Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында рұқсатнамасын жібереді. Энергия таратушы ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы материалдарұсынғаннан кейінгі бір жұмыс күні ішінде тексеріп, байқайды. Энергиямен қамтамасыз етуші ұйым энергия беруші ұйымды электрмен қамтамасыз ету шартын жасасу туралы тағы сондай бір жұмыс күні ішінде хабарлайды. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен қамтамасыз ету шартына қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Электр қондырғыларын пайдалануға беру тұтынушыда тиісті біліктіліктегі электр техникалық қызмет көрсету қызметкері және электр қондырғысының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлға немесе тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда, қолданыстағы электр қондырғыларының жұмысына кіруге рұқсат етілген қызметкерлер құрамы бар ұйыммен жасасқан электр қондырғыға қызмет көрсету шарты болғанда ғана рұқсат етіледі.
Тұтынушылардың электр қондырғыларында құрастырудағы кемшіліктер, берілген техникалық шарттардан, жобалық құжаттамадан және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан ауытқу, электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғаның, электр қондырғылары пайдалануға берілмейді.
– Нұрлан Дарабайұлы, біз Қазақстан Республикасы заңнамасындағы электр энергетикасы саласындағы өзгерістер туралы естідік. Ол туралы не айтар едіңіз?
– Елімізде кәсіпкерлікті жүргізуді түбегейлі жақсарту бойынша мемлекеттік саясат аясында және электр энергиясымен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімен жеңілдету мақсатында, сондай-ақ «Doing Business» халықаралық рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту үшін ҚР заңнамалық актілеріне бірқатар өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен 2016-2017 жылдарға арналған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөнінде кешенді жоспар бекітілген.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету және электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техниқалық талаптарды беру мерзімі қысқартылды (электр қондырғылары 200кВт дейінгі қуатымен орнатылған тұтынушыларға 14 күннен 5 күнге дейін);
Энергия таратушы ұйымдармен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу мерзімі қысқартылды (электр қондырғылары 200кВт дейінгі қуатымен орнатылған тұтынушыларға 20 күннен 3 күнге дейін);
Электр желілеріне қосылуға энергетикалық қадағалау мен бақылау мемлекеттік органнан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды;
Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасу мерзімі қысқартылды (7 күннен 3 күнге дейін);
Осылайша элетрмен жабдықтау жүйесіне қосылу мерзімі 30 күннен астам уақытқа қысқартылды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес 2 электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде 2 үрдіс қысқартылды, олар:
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы берген құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу,
энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган берген электр желілеріне қосылуына рұқсат алу.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы №521 бұйрығына сәйкес Электр энергиясын пайдалану қағидаларынан электр қондырғыларын пайдалануға енгізбес бұрын электр қондырғыларына энергетиқалық сараптама жүргізу туралы 22-тармағы аланып тасталады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №214 бұйрығымен электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидалары бекітілген. Осы қағидаралға сәйкес энергия беруші үйымдарға электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерін асырғаны үшін энергия беруші ұйымның басшыларына айыппұл түрінде жауапкершілік орнатылды.
Электрмен жабдықтау қызметтерінің сенімділігін бағалау үшін пайдаланылатын электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері ретінде бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші және бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшірудің орташа ұзақтығының көрсеткіші пайдаланылады.
2016 жылы 29 наурызда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі энергия беруші ұйымның бірінші басшыларына 125 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жауапкершілік қарастырылған 300-1 бабымен (Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі) толықтырылды.
Департаментпен мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары аясында Астана қаласының энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар беру, тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу және электрмен жабдықтауға шарт жасасу мерзімдері бөлігінде әрдайым сараптама жасалады.
Сонымен қатар, Департамент электр энергия тұтынушыларының қанағаттандырылуы туралы, берілуі туралы, сондай-ақ электр желілерні қосылу бөлігінде энергия беруші ұйымдармен Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарының және мерзімдерінің сақталу туралы ай сайын сауалнама жүргізіледі.
Сондай-ақ Департамент 2016 жылға Астана қаласының энергия беруші ұйымдарының бекітілген электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінің талдауы жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Астана қаласының энергия беруші ұйымдарының бекітілген электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінің асып кетуі боламады.
Жүзеге асрылған шараларға қарамастан ҚР Энергетика министрлігі электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін оңтайландыру үшін халықаралық тәжірибені зерттеу жұмыстарын жағастыруда.
– Электр энергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының орындалуына кім жауап береді және қалай бақылау жасалынады?
– Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Аумақтық департаменті тұтынушыларын электр энергиясымен қанағаттандыру, электр энергиясын беру, сол сияқты энергетиқалық ұйымдардың электр желілеріне қосылған электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсартуын Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалу мерзімінің сақталуын, анықтайтын мониторинг өткізіп отырады.