Туған өлкедегі тұңғыш концерт 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының лауреаты, еліміздің мақтанышы, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин туған өлкесінде тұңғыш концертін берді. Баритон дауысты Байғожиннің әсерлі концертіне бізде барып келген едік. IMG_0032
IMG_0007
IMG_9443Кешкі сағат жеті. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның залы әп-сәтте көрерменге лық толды. Сахнадағы LED-экран арқылы белгілі опера әншісі, жерлесіміз Сүндет Байғожиннің әр жерлерде өнер көрсеткен сәттерінің бейнежазбасы ұсынылды. Артынша көптен күткен концерт те басталды. Әнші ең алдымен Абай Құнанбаевтың әні «Көзімнің қарасын» шырқады.
 
(бейнеүзінді Е.Қалмақовтың Фейсбуктағы жеке парақшасынан алынды)
Одан кейін халық әндері «Сұршақыз», «Аққурайды» нақышына келтіріп орындады. Қазақ халық әндерімен қатар, орыс романстары, эстрадалық әндерді де асқан шеберлікпен айтты. Абай операсынан Абайдың ариясын орындағанда Байғожиннің шеберлігіне тәнті болмаған адам кем де кем. Халық зор қошемет білдіріп, әншінің өнеріне «Бәрекелді!» десті. Кеш барысында Н.Назарбаев пен Төлеген Мұхамбетжановтың «Город мой», Ескендір Хасанғалиев пен Бәкір Тәжібаевтың «Сағындым сені» әндері және А.Лара «Granada», Николы Валенте және Эрнесто Тальяферри «Passione», П.Булахова «Тройка» әндері шырқалды. IMG_9531
IMG_9436
IMG_9447
IMG_9606Шығармашылық кештің концертмейстрі Айшабибі Асқарова. Кеш қонақтары, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері: Мейір Байнеш (тенор) пен Айзада Қапанова (сопрано) өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Осынау концертті қала тұрғындары екі сағат бойы тапжылмастан тамашалады. Кеш соңына қарай Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеумін біраз әндер орындалды.IMG_9438
IMG_9684
IMG_9426
 
IMG_9614
IMG_9515
IMG_9546
IMG_9729
IMG_9748
IMG_9899
IMG_9975
IMG_9836Қостанайлық Сүндет Байғожиннің туған өлкесінде тұңғыш жеке концертін беруінің өзіндік сыры бар. Әнші алдағы екі жылда Рим қаласында болып, Еуропаның ең атақты театрларының біріндегі тұңғыш қазақстандық солист атанбақ. С.Байғожин мұндай құрметке ие болу үшін қатаң іріктеуден өткен. Опера әншісі ұзақ мерзімге шетелге аттанбас бұрын туған жерінде өнер көрсетіп, осындағы ақсақалдардың батасын алуды жөн көріпті. Ерекше дауыс иесінің өнеріне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин риза болып, сәттілік тіледі. Еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Төлеген Мұхаметжанов және Нұржамал Үсенбаеваның Сүндет Байғожинге бейнеролик арқылы жолдаған құттықтаулары сахнадағы алып экран арқылы көрсетілді. IMG_9933
IMG_9823
IMG_9923Баритон дауысты Байғожин қазіргі Аманкелді ауданы Байғабыл ауылында туған. Арқалықтағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте білім алып жүргенде музыка пәнінің мұғалімі Роза Дерібсалдинаның көзіне түседі. 3-4-сыныптардан бастап үлкен концерттерге қатысып, белгілі композитор Қалибек Дерібсалдиннің Торғай туралы па¬триоттық әндерін айтып жүреді. Жас өнерпаздың талантына тәнті болған сол кездегі Арқалық қаласының басшылығы Сүндет Байғожинді Астанаға оқуға жібереді. Осылайша таңғажайып опера өнеріне қойып кетеді. Бүгінде Сүндет Байғожин көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты. Ол Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаңдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемдік саханаларда, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түркіменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде зор жетістікпен өнер көрсеткен. Әнші қазақстандық опера өнері барша әлемге танытуды қалайды. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓