Іргелі істер ұйытқысы 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «ГрИн» Қостанай облысының азаматтық альянсы» ҚБ-не барып, үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты.IMG_9311«ГрИн» Қостанай облысының азаматтық альянсы» үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: қоғамдық қабылдау бөлмесі, қалалық жастар мәслихатының штабы және ресурстық орталық. Қоғамдық қабылдау бөлмесі 2016 жылы ашылған. Екі жылдың ішінде жүзден астам азамат қоғамдық қабылдаудың қызметін пайдаланды. Қоғамдық қабылдаудың өтуіне облыстағы 25 мемлекеттік орган бірлесе кірісті. Сонымен қатар, «Тайный покупатель» қоғамдық мониторигін жүргізді. ҮЕҰ базасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған 14 іс-шара өтіпті. Оған мемлекетік органдар, жеке меншік иелері, ҮЕҰ, жастар бірлестіктері, кәсіподақтар қатысты. Бүгінде жекеменшік иелерінің үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынасы нығая түскен. Жеке меншік иелері ҮЕҰ-дар ұсынған әлеуметтік жобаларға демеушілік жасауға ынталы.IMG_9320-Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындардың көбісі дәрі-дәрмек тапшылығы, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі, материалдық көмекке мұқтаждық мәселелрімен келеді. Мектептерде заңсыз ақша жинау туралы да сауалдар қойылды. Қуанышқа орай, биыл дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты мәселе болған жоқ. Керісінше, еңбек даулары мен жұмыссыздыққа қатысты өтініштер көбірек келіп түсті, – деді «ГрИн» Қостанай облысының азаматтық альянсы» ҚБ жетекшісі Динара Өтебаева.IMG_9317
IMG_9339Облыс әкімі біздің аймақта 2011 жылы үкіметтік емес ұйымдарға жеке ғимарат берілгенін нақтылады. Сондай-ақ «Күнтимес» қоғамдық бірлестігінің жұмысынан хабардар болды. Аталмыш бірлестік Шоқан Уәлихановтың өмірдерегін, туған жерін, еңбектерін зерттеу мақсатында құрылған болатын.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓