Менің атым – Гүлдерай
Менің аты-жөнім – Гүлдерай Назарханқызы Қаби. 10 жастамын. Мен осы "Ботақаным" байқауының болып жатқанына қатты қуаныштымын. Байқау арқылы бала күнгі армандарыма бір қадам жасаймын деп білемін. Ең басты армандарының бірі – өзімнің фотостудиямды ашсам. Ең болмаса, жақсы түсіретін фотоапараттым болса ғой деп қатты армандаймын… Қазір телефонда камераның болғаны қандай жақсы, сіңлілерімді айнала суретке түсірдім. Жақсы шыққандарын сіздерге жібердім. Байқауға қатысуға мүмкіндік аламын деп білемін. Суреттегілер – Ұлжан, Азалия, Ясмина. Суретке түсірген өзім. Киімдердің дизайнері де менмін. (Гүлдерайдың сөздерін өзгеріссіз беріп отырмыз).