“Үздік ауылдық клуб -2017”

Облыс орталығында “Үздік ауылдық клуб – 2017” байқауының қортыныдысы белгілі болды. Облыс көлемінде 600-ден астам мәдениет ошағы бар болса соның ішінде 200-ден астамы ауылдық клубтар. Солардың ішінен үздік шығып, бас жүлдені Таран ауданының Калинин селолық клубы иеленіп, 300 мың теңге көлеміндегі сертификатты жеңіп алды. Марапаттау сәті Достық үйінде өтіп, ауылдық мәдениет клубтарының шығармашыл ұжымдары жиналған қауымға гала концерт тарту етті. IMG_4536Достық үйінің іші той думан. Себебі ауылдан келген өнерпаздар бүгін еңбектерінің жемісін көруде. Ауылдық жерде мәдениет ошағының жұмыс істеп тұруы маңызды мәселе. Ауылдың басты ошағының бірі мектеп болса, екіншісі ауылдық клуб екені белгілі. Бір кездері есіктеріне қара құлып ілінген осы мәдениет ошақтары ел еңсесін түзей келе қайта ашылып, қайта жаңғырды. Ел азаматтары мәдениеттің дамуына бар үлестерін қосуда. Бүгін де Қарабалық, Алтынсарин, Жанкелдин, Қостанай ауданыдары мен Арқалық қаласынан келген ауылдық клубтар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Ал 100 мың теңгелік сертификаты бар 3 орынды Денисов ауданының Алчанов ауылы, Амакенледі ауданының Үрпек ауылы, Қарасу ауданының Челғашы ауылы иеленді. 200 мың теңгелік сертификат пен 2 орынға  Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылы, Меңдіқара ауданының Қарқын ауылы қол жеткізді.IMG_4550Ал “Үздік ауыл клубы – 2017” атағына Би-аға ауданы, демек Таран ауданының Калинин ауылдық клубы қанжығасына байлап, үздік деп танылды.
Ауылдық жерде мәдениетке көңіл бөліп, оның дамуына үлесі қосып отырған демеушілердің де орны бөлек. Осы орайда үздік демеуші болып Сайран Бұқанов танылды.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
           

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓