Жалған мұғалімдер ұсталды
Рудныйдағы төрт мектепте 7 бастауыш сынып мұғалімі бірнеше жыл бойы еңбекке баулу, дене шынықтыру, орыс және ағылшын тілі пәндерін арнайы білімсіз оқытқандығы анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. «2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін аталған мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргендігі туралы жалған дипломдардың негізінде жұмысқа орналасқан. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 6 млн теңгеге жуық сомадағы жалақы негізсіз төленген. Оның 1,5 млн теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылды», – делінеді хабарламада.
Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.