Ғаламтордан ізделген ең қызықты сұрақтар

Интернетте түрлі сұрақтарға жауап тауып беретін танымал іздеу жүйелерінің бірі – Яндекс 2016 жылы қазақстандық қолданушылар қойған ең қызық сауалдарды айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 20150926170727_1245_IMG_5292.JPG_239275«Қазақстандық қолданушылар жіберетін қызықты сауалдар жетерлік. Мысалға, «Картоннан iPhone қалай жасауға болады?», «Тоңазытқыш – екпін белгісі қайда қойылады?», «Үйден ақша толы әмиянды қалай тауып алуға болады?», «Тайпаларды әйелдер басқарған заманда әйелдерді қалай атаған?», «Ғарышта ауа неге жоқ?», «Вованың толық есімі қалай жазылады?», «Жарнама беруші» сөзінің түбірі қандай?», «Қазақстанда әйелдерге қандай қалыпта босануға рұқсат етілген?», «Логика қайда?» және т.б. Мұндай сауалдар шынымен бірегей, олар айына бір-екі рет кездесіп тұрады», – деп жауап берді Яндекстің баспасөз қызметінен. Сонымен қатар, Яндекс биыл қазақстандық қолданушылардың қызығушылығын тудырған оқиғалар мен тұлғаларды анықтады.
Осылайша, ТОП-10-ға: 5 маусымда Ақтөбеде болған теракт, Еуровидение байқауы, Қазақстанда көктемде болған митингтер, iPhone 7-нің шығуы, 18 шілде күні Алматыда болған теракт, Оскар сыйлығын тапсыру рәсімі, АҚШ-тағы президенттік сайлау, Алматыда Яндекс.Таксидің іске қосылуы, Қазақстандағы доңыз тұмауы және Қазақстандағы парламенттік сайлаулар енді. Ал жыл адамдары Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Марго Робби (австралиялық актриса), Николь и Алиса (YouTube-тағы танымал балалар арнасы), Ислам Каримов, Леонардо Ди Каприо, Демет Оздемир, Юсуф Чим (түркиялық актерлер), Ерасыл Әубәкіров, Сафар Шакеев болды. 5аламторСұранысқа ие үздік он фильм – «Отряд самоубийц», «Дэдпул», «Зверополис», «Иллюзия обмана 2», «Бэтмен против Супермена», «Боги Египта», «Черепашки-ниндзя 2», «Кунг-фу панда 3», «Варкрафт», «Тайная жизнь домашних животных». 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓