Жастардың саяси лагері өз жұмысын бастады

«Нұр Отан» партиясының  жобасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы облысының Қапшағай қаласында «Жастар – Отанға!» жастардың саяси лагері өз жұмысын бастады.
мммммБиыл лагерь 300-ден астам жастың басын қосып отыр. Олардың қатарында жастар ұйымдары, шығармашыл жастар өкілдері, спортшылар, студенттердің өзін-өзі басқару көшбасшылары, блогерлер мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар.
Лагерь жұмысының шеңберінде әлеуметтік жеделсаты, тұлғалық өсу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы төңірегіне жастарды біріктіру, сондай-ақ жастар өкілдерінің Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылы секілді тақырыптарды талқылау өтеді. Апта бойы қатысушылар үшін тренингтер, оқу сессиялары, брифингтер, психологиялық және логикалық арнайы тапсырмалардың көріністері бар квесттер, жобалау жұмысы  машықтарына оқыту, сондай-ақ спорттық сайыстар мен жастардың жеке тұлғалық сапасын дамытуға бағытталған түрлі шығармашылық конкурстары өткізіледі.
                                  
Мешіт Ғазиз

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓