Экологияға – мектеп партасынан

Рудный қаласының №7 мектеп-гимназиясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту орталығы ашылды. Бұл мүмкіндікке балалардың өздері қол жеткізіп отыр. Өйткені олар аймақтық «ECO-FEST» фестивалінде үгіт-насихат топтарының арасында үздік атанып, «Энергияны үнемдеу және танымдық экология» орталығын орнатуға сертификат жеңіп алған болатын. Бүгін болса, көптен күткен қуанышты сәтке кезек келді.qY3O7iutLlo
Шараның ашылу салтанатына «ССКӨБ» АҚ Жер қойнауын пайдалану және экология департаментінің өкілдері, «Жастар» қоғамдық жастар бірлестігінің белсенділері мен мектеп оқушылары қатысты.
– Тамаша сыйлық үшін кен алыбы мен Максим Фролов бастаған жастарға зор алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта бұл жерде қызықты, әрі танымдық іс-шаралар мен ойындар ұйымдастырып, балалардың экологиялық сауаты мен мәдениетін арттыратын боламыз, – деді лентаны кесіп, құттықтау сөз сөйлеген білім ұясының басшысы Қымбат Бірманова.k_5wNWLcw8o
Құны 900 мың теңге тұратын Қостанай облысындағы теңдесі жоқ орталықта жас зерттеушілер қоқысты сұрыптау, жою және қайта өңдеу тәсілдерін үйреніп, «Arduino» автоматты жүйесінің көмегімен ауа, топырақ пен судың ластануына мониторинг жасай алады. Сондай-ақ аккумляторды кинетикалық энергиямен қуаттауға мүмкіндік беретін арнайы велосипед, әдістемелік нұсқаулықтар мен ақпараттық стендтер оқушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін кеңейте түспек.b0pDN_Igcl8
– Біз бұл орталықты өз арамызда «Экоша» атап кеттік. Алайда атауы тілге жеңіл болғанымен, бізге артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан осында өтетін экологиялық шаралардың сапасына көңіл бөліп, мектептің барлық оқушыларын қамтуға тырысамыз, – дейді «Жерұйық» экологиялық десантының мүшесі Аружан Жеңісбекова.
«Жастар» бірлестігінің оқытушылары мен мамандары Мәскеулік серіктестерінің тәжірибесін негізге ала отырып, балаларды экологиялық ағарту ісімен де айналыспақ. Жастар қозғалысының жетекшісі Максим Фроловтың айтуынша, бұл бағыт мектеп оқушыларына оңай соқпайды. Дегенмен тәжірибелі экологтармен шеберлік сабақтарын жиі өткізіп, жас табиғат қорғаушыларына дұрыс бағыт-бағдар беруге бар күшімізді саламыз дейді ол.Zv9qM3J54Dk
Мың рет естігенше, бір рет көріп, ұстағанға не жетсін. Мамандар орталықтың ашылуы – игі өзгерістерге бетбұрыстың бастамасы ғана екендігіне сенімді. Өйткені экологиялық мәселелерге немқұрайлы қарамай, оны шешуге атсалысу – бір немесе жүз адамның емес, бүкіл қоғамның ісі екені сөзсіз. Ендеше, іске сәт!
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓