Тың жобаның тұсауы кесілді

IMG_1494сайтҚостанай қаласындағы "Азаматтық бастамаларды дамыту орталығында" тың жобаның тұсаукесері болды. "Ардагерлер  ұйымы"  республикалық қоғамдық бір-лестігінің Қостанайдағы филиалының тікелей мұрындық болуымен жүзеге асқалы отырған айрықша жоба осы тамыз айынан  басталып, жыл аяғына дейін жалғасын таппақ. Онда өңіріміздегі соғыс және еңбек ардагерлерін қоғамдық өмірге тартуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жан-ділда  Мақанов кешегі сұрапыл соғысты бастарынан өткерген аға буын өкілдерінің ерлігін ұрпақтар жадында сақтау үшін осындай жұмыстардың кең көлемде қолға алынуын қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, азаматтық қоғам үшін  талай тың бастамалардың жетекшісі болып отырған  ресурс орталығының жұмысына да жоғары баға берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓