Қытай-қазақ фильмінің түсірілімі басталды
Қытай елінде "Композитор" атты қытай-қазақ фильмінің түсірілімі басталды. Осыдан біраз бұрын Алматы қаласында фильмнің 1-ші бөлімі түсіріліп бітті.Фильмнің басты рөлінде атақты қытай актерлері Ху Цзюнь, Юань Цюань, Цзюй Сюе және қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов ойнайды.
Кинотуынды Ұлы Отан соғысы басталған кезде, 1941 жылы Алматыға келген қытай композиторы Сянь Синхайдың өміріне арналмақ. Туыс-туғансыз, аштық пен аурудың ортасында қалған Сянь Синхайға қазақ композиторы, Торғай тумасы Бақытжан Байқадамов көмек көрсетеді. Дәл осы Алматы қаласында Сянь Синхай өзінің атақты симфониялық шығармаларының бір қатарын дүниеге әкелген.