Кешігіп келген марапат

Қостанайда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 72 жылдан кейін құрмет көрсетілді.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Қазақстандағы Ресей елшілігінің өкілі София Ғайсина Қостанайға келіп, екінші Дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. Ардагерлерді құттықтау үшін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Айдар Құсайынов пен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Юрий Харьяков та келді.  
93 жастағы Владимир Титков соғысқа жиырма жасында аттанған. Кезекті бір арпалыс кезінде ауыр жараланыпты. «Соғыста мина бұзғыш қызметін атқардым. Бірде қатты жарақат алып, госпитальге көшірді. Содан соң елге қайтып келдім. Міне, 72 жылдан кейін менің ерлігім ескеріліпті. Қуанышымда шек жоқ», – деді ардагер.
Елшілік өкілі Владимир Титковқа «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін» медалін тапсырды. Ал тағы бір Ұлы Отан соғысының ардагері Абдолла Сафихановтың «Ерлігі үшін» медалі оның жұбайы Рауза Махметоваға табыс етілді.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓