Ілиястың ізімен

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист Ілияс Омаровтың 105 жылдығына арналған «Өмір мен өнер» атты әдеби кеш өтті. ильяс

омаровІс-шарада халқына еткен қызметімен жұртының жадынан өшпеген Ілияс Омаровтың өмір жолы, қызметі жайлы айтылды. Кеш қонақтары – театр әртістері осы айтулы тұлға мен ақын Мәриям Хәкімжанованың құрметіне арнайы қойылған «Мәриям-Ілияс» спектаклінен көрініс көрсетті. Л.Толстой атындағы ОӘҒ кітапхананың қызметкерлері І.Омаровтың өлеңдері, хаттары, ғұмырнамасы жазылған басылымдармен таныстырды. Шара барысында Ілияс Омаров туралы «Өмір жолы» атты деректі фильм көрсетілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓