Google қазақша тәржімалайды

Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы айтты. гуглеОның айтуынша, қазақ тілінің дыбыстық аудармасын енгізу жобасы коммерциялық емес жоба болып саналады.
"Біздің барлығымызға осы жүйеде қазақ тілінің болуы өте маңызды, себебі Google Translate әлемдегі ең заманауи аударма жүйесі. Мұнда жұмыс көп, барлық мәтін дыбысталу керек, студия, дикторлар керек. 150 мыңға жуық жаңа сөз бен сөз тіркесі қажет", – деді Рауан Кенжеханұлы.
Сондай-ақ, ол бұл жобаның демеушінің қаражатының арқасында жүзеге асырылатынын айтып өтті. Демеуші жобаға 4 миллион теңге бөлген екен. Бірақ, әзірше жобаның нақты қашан іске асырылатыны белгісіз. 
"Екі жылда жасауға тырысамыз, Google сервисіндегі әріптестерімізден көмек сұраймыз", – деді Рауан Кенжеханұлы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓