Аудандық жастар форумы

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өңірлік жастар форумы өтті. Дәстүрлі шара – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылды.IMG_6275
«Көп тілдер – бір әлем» атты форум барысында аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков қатысушыларды құттықтап, тіл дамыту саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып жүрген талантты да талапты Сарыкөл жастарын аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Олардың қатарында өңірдің әр ауылынан келген мектеп оқушылары, жас мамандар және студенттер болды.
Бұдан кейін форумның басты қатысушылары, яғни жастар кезек-кезек ортаға шығып, сөз сөйледі.IMG_6218
Айта кеткен жөн, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді оқыту орталығы бірлесіп өткізген форумының басты мақсаты – ауданымыздың жастарын мемлекеттік тілген деген сүйіспеншілігін, ана тіліне деген құрметін арттырып, үш тілділік саясатын қолдауға бағыттау болды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓