“Қазақшаңыз қалай?”

Қазақстан халқының тілдері күніне орай Сарыкөл ауданында өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты аудандық сайыс өтті. Оған аудан орталығы мен ауылдық округ мектептерінің оқушылары қатысты.DSC_5045
Басты мақсат – басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліне құрметпен қарап, анық сөйлеуін анықтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болды.DSC_5046
Сайыс барысында өз мектептерінің намысын үкілеп келген үміткерлер таныстыру, поэзия, шығармашылық өнерін көрсету, мақал-мәтел жарысы және жарнама сияқты кезеңдерден сүрінбей өтіп, барын салуға тырысты.DSC_5063
Қазылардың шешімімен, 1-орынды Комсомол орта мектебінің оқушысы Нина Ковальчук жеңіп алса, ал 2-орынды Веселоподол орта мектебінің оқушысы Нина Виноградова еншілеп, 3-орынды Урицк мектеп-лицейінің оқушысы Юлия Раймер иеленді.DSC_5124
Айта кеткен жөн, бұл сайысты «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастырып, жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға мадақтама қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓