Мақсат – қызмет көрсетудің сапасын арттыру

Облысымызға келген  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағытындағы  республикалық комиссия мүшелерінің бір тобы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  құрамында жұмыс атқарып жатқан нысандарды аралап көрді. Жұмысшы тобын Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина бастап келді.IMG_5455-Бүгінде еліміздің барлық   өңірлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» принципі бойынша  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Міне осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы қандай? Кеткен кемшіліктер мен жеткен жетістіктер бар ма?   Сол  секілді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға  олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қай дәрежеде? Өздеріңіз білесіздер, қазіргі кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамында төрт орталық яғни «Халыққа қызмет көрсету орталығы», жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, «халыққа қызмет көрсету департаментінің» мамандандырылған бөлімі еніп, жұмыс атқарып жатыр.IMG_5417 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құрудың мақсаты – ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту, қызмет көрсету мерзімін қысқарту, түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы ашықтық пен қол жетімділік деңгейін арттыру. Осы орталықтардың жұмыс барысын көріп, мониторинг жасап, туындаған өзекті сұрақтарды да шешпекпіз, жақсы тәжірибелерді де таратпақ ойымыз бар. IMG_5428Қостанай өңіріндегі«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмыстары басқа облыстарға қарағанда біршама жоғары деп айтуымызға болады. Осы аймақққа келуіміздің тағы бір себебі,  облыстағы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ҚР Ұлттық банктің ғимаратында орналасқан. Банк болса өзіндік мәртебесі бар нысан. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының жұмыс кестесі түске дейін, сондықтан да тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барасында қолайсыздық тудыруда, осындай жағдай төрт мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бойынша туындап отыр. Барлық орталықтарды аралап, жұмыс нәтижелерін сараптаймыз.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы үшін қажетті ғимараттың шешімін де табамыз ғой деп ойлаймыз,-деді Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓