ЭКСПО-2017: керек дерек
1) Көрме 93 күнге созылды
2) 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты
3) Әлемнің түкпір-түкпірінен 4 миллионға жуық адам тамашалады
4) Қалашыққа күн сайын 40-50 мың адам келіп тұрды
5) Шағын және орта бизнестің 1400-ден астам кәсіпорыны 640 млрд теңгенің тауарларын жеткізу мен қызмет көрсетуге тапсырыс алды
6)Туристік әлеуетіміз 1,8 есеге артты
7) Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайызға көбейді
8)Қызмет көрсету саласынан түскен салық мөлшері 1,2 есеге өсті
9) Астана National Geographic Travel журналының шешімі бойынша "Болашақ қаласы" деп танылды
10) The New York Times басылымы Қазақстанды көруге лайық мемлекет қатарына қосты
11) Көрме қалашығында 6 мыңнан астам мәдени шара өтті
12) Балама энергия көздерінің 140-қа жуық жобасы таныстырылды
13) Қонақтар мен туристер 178 мемлекеттен келді
14) Жалпы, ЭКСПО аясында 3500-ге жуық шара өтіп, оған 33 мыңдай әртіс қатысты
15)"Нұр әлем" павильонына 13 мың тонна металл пайдаланылды
16) Шар жабындысы 2800 бірегей әйнектен тұрады
17) Ұлтық павильонымыздың аумағы – 22 000 шаршы метр
18) Көрменің барлық нысандарының құрылысына 56 мың тонна металл мен 500 мың тонна бетон жұмсалды
19) Көрмеге 53 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты
20) Қалашықта 4500 ерікті жұмыс істеді
21) Келушілер 100 миллионнан астам суретке түскен
22) Үйленуге 88 ұсыныс жасалды
23) Ғалымдар адамзат өміріне өзгеріс енгізетін 153 ғылыми өнертабыс ұсынды
24) Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Халықаралық Бюро көрмесінің алтын медалі табысталды
25) Барлық жүкті көтерген Астана да марапатқа ие болды. Бұл сый тек елордаға емес, қала тұрғындарына және көрмеге өлшеусіз үлес қосқан жандарға арналды. Медаль шаһар басшысы Әсет Исекешевке табысталды.