Филиалдарға қолдау
Облыс әкімдігінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің басшылығымен «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы мен қалалық, аудандық филиалдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде кеңесі өткізілді.
Ағымдағы жылы Жанкелдин, Меңдіқара аудандары мен Рудный қаласындағы филиалдардың ғимараттарын жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Аудандық филиалдар үшін демеушілер жалпы сомасы 22 млн 140 мың теңгеге автокөлік сатып алды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, 6 филиалда жалпы сомасы 5 млн 144 мың теңгеге тартылған қаражат есебінен пандустар салынды. Сондай-ақ, тартылған қаражат есебінен Әулиекөл, Жітіқара, Қарасу мен Меңдіқара аудандарының филиалдарында пандустар нормаларға сай келтірілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ партия филиалдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев.