“Әлем барысында” жерлесіміз белдесуде

сейтенДәл қазір Астанадағы «Барыс Аренада» қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеде Қазақстанның бес балуаны шыққан еді. Олар: АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ, ЕРЖАН ШЫНКЕЕВ, ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВ, АЙБАТ СЕЙТЕН және ДӘУРЕН НҰРАЛИНОВ. Дәуреннен өзгесі жарысты сәтті жалғастырып келеді. Айта кетерлігі, ел намысын қорғап жатқан Айбат Сейтен бұрынғы жерлесіміз. Алғашқы айналымда аргентиналық грек-рим күресінің чемпионы Лучиано Дель Рионы жеңіп, өз көрермендерін бір қуантты. Бауырымызға және өзге де қазақстандықтарға сәттілік тілейміз!
Естеріңізге салайық, абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетіп жатыр.

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓