Альберт Рау: “Арқалықты құлдыраудан құтқару қажет”

Рау2022 жылға қарай Арқалықтың қала түзуші кәсіпорындары жұмысын тоқтатып, бұл қайта айналмайтын үдеріске әкеп соғады деп мәлімдеме жасады депутат Альберт Рау. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазады.
Мәжіліс отырысында А.Рау премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтің атына моноқалаларды дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігі туралы депутаттық сауалын жолдады.
"Бағдарлама жергілікті мәселелерді шеше отырып, аталмыш қалаларда экономикалық өсімнің жақсаруына мүмкіндік жасау алмайды. Қостанай облысындағы Арқалық қаласында қиын-қыстау жағдай бәсеңси қойған жоқ. Боксит қоры, әрі кеткенде, 2-ақ жылға жетеді. Бүгіндері қаланың өнеркәсіп өндірісінің 68 процентін құрап отырған қала түзуші кәсіпорындар шын мәнісінде жұмысын тоқтатады", – деді депутат.ArkalykДепутаттық сауал жолдаған мәжілісмен пікірінше, бұл қала мәртебесіне орны толмайтын залал тигізіп қана қоймай, барлық Торғай аймағының білім және денсаулық сақтау орталығына соққы болады. 
"Үкіметке шұғыл тәртіпте мемлекеттік даму институттарымен және ERG компаниясымен бірлесіп, тиісті шаралар кешенін жетілдіруді ұсынамыз", – деп толықтырды А.Рау. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓