Мұғалім азғындыққа барған

педофилҚостанай облысында 40 жастағы ән-күй пәнінің мұғалімін өз оқушыларын азғырды деп айыптады, – деп хабарлайды Тенгри ньюс.
Федоров АІІБ қызметкерлері 12 маусымда сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Мұғалімге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 3-бөлігі бойынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер") іс қозғалды.  Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов кәмелет жасына толмаған балалардың мүддесін қорғау мақсатында оларға білікті адвокаттар тағайындалғанын айтты. 
"Облыстық прокуратураның тергеу қорытындысы бойынша, іс материалдары 28 тамызда Қостанай облыстық кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді", – деді Жүсіпов.  Айыпталушыға сот бір жыл қамауда болу бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓