Маман тапшылығы бар
Қостанай ауруханаларында 300-ден астам жұмыс орны бос күйінде қалып отыр. Нақтысында, акушер-гинекологтар, педиатрлар, неонатологтар, жансақтау бөлімі қызметкерлері және анестезиологтар жетіспейді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, бос орындар жәрмеңкесі арқылы әзірге облысқа өзге өңірлерден 128 жас маман келетіні белгілі болған, он шақтысы орналасып та үлгерген. Жалпы, биыл 170 жаңа маман келуі керек. Ал келер жылы олардың саны тағы 150 адаммен толығады деп күтіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Е.Дүтбаевтің есебін тыңдаған аймақ әкімі А.Мұхамбетов аудан-қалалар әкімдеріне мамандарды қабылдауға барлық мүмкіндік жасауды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы ақ халаттылардың 35%-ын зейнет жасының маңайындағы мамандар құрайды. Дәрігерлердің орташа жасы 45-50-де.