Жетпістегі желаяқ

Астана қаласында сенім шаралары жөніндегі кеңес форумының қалануына 25 жыл толуына орай «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) және АӨӘСШК 2017 Астаналық жеңіл атлетика марафоны өтті. Айта кетейік, ШЫҰ халықаралық марафоны екінші рет ұйымдастырылып отыр.20170827_092655
Марафонның өтуіне ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы мұрындық болды.
Қатысушылар түрлі бес қашықтықта жарысты: 42 шақырым 195 метр, 2 шақырым 17 метр және тағы 10 шақырым. Барлығы 5000 әуесқой және кәсіби спортшы қатысты. Оның 1000-нан астамы шет елдерден келген. Жүгіру мәресі «MEGA Silk Way» сауда орталығы аумағында аяқталды. Марафонда Арыстанбек Мұхамедиұлы, Әсет Исекешев, Қанат Ислам сияқты елімізге танымал тұлғалар да жүгірді.20170827_092224
Бұл сайысқа Қостанай облысының атынан барлық күш-жігерін білім жолы мен спортқа арнаған тұлға Қалқаман Жақып барды. Қалқаман Хасенұлы 10 шақырымға жүгіріп, 70 жастан асқан спортшылар арасында алдыңғы орыннан көрінді. Жастарға өз ісімен үлгі болып келе жатқан ағамызға спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов алғысын айтты.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓