Мерекеде мешіт ашылды
Лисаковта 200 орынға мешіттің салтанатты ашылуы өтті. Оның құрылысы 2014 жылдан басталған-тын. Мешіт құрылысы лисаковтықтардың және Қазақстанның барлық жерінен демеушілерден тартылған қаражаттар арқылы жүргізілді. Салтанатты рәсімге Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Ещанов, Қостанай облысының имамы Б.Тәжімбет, қаланың құрметті азаматтары қатысты.Лисаковтықтарды маңызды да елеулі күнмен С.Ещанов Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы төрағасының атынан мешіттің құрылысына қомақты үлес қосқан бес қазақстандыққа алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ, белгілі меценат С.Мұқашев, сонымен қатар қаланың құрметті азаматы О.Айдосов құттықтау сөздерін арнады.
Жобаның жалпы құны – 105,4 млн теңге. Ғимараттың алаңы – 380 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының басты мердігері – «Қарасай» ЖШС.
Мешіттің ішкі безендіруін шеберлер орындаған, көлемді сәнді шам, қабырғаға италияндық бояумен өрнектеле жазылған кілемдер ілінген. Ерлердің ғибадат залы бірінші қабатта болса, әйелдердікі жертөле қабатында орналасқан. Ғимаратта имамның кабинеті, киінетін бөлме, екі жуынатын бөлме бар.
Қ.Боранбайұлы