Қаржыландыру талаптары қаралды

DSCF6125Арқалық қаласы әкімдігінде жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қаржыландыру талаптары туралы ауылшаруашылық кеңесі өткізілді.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "ҚазАгроҚаржы" АҚ басшылары баяндама жасады.
2013-2020 жылдарға арналған агро өндірістік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес, 2013 жылдан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жасалатын шарттар бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау бағдарламаларына қатысады. Бағдарлама шарттарына сай, мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне: технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі бойынша – қаржыландыру ставкасының 7-10%-на дейінгі есесін қайтару міндеттелген. 
"ҚазАгроҚаржы" АҚ өкілдерінің есебіне жүгінер болсақ, ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтардың лизингісінің жылдық пайыздық ставкасы – 12,8%  құрайды. Жекелеген ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарды да жеңілдікпен алу тетіктері қарастырылған. Тауар өндірушілерінің өтініштерін жергілікті кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қабылдайды. Жиын барысында, құжаттардың көлемін қысқарту мәселесінің жоғары жақта қаралып жатқаны мәлім болды.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓