Ақан Нұрманов – “Кеш”
Ақан Нұрманов (1933-1968) – жазушы, Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Аманкелді ауданы орталығында орта мектепті бітіреді. 1951 — 1952 жж. Қазақ тау-кен институтында оқыды. Ал 1957 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957 — 1964жж. Қостанай облысы, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» (қазіргі "Қостанай таңы"), республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде қызмет істеген. 1964-1968 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Шығармалары: "Арайлы таң" (Повестер. А., «Жазушы», 1964), "Аққу жұлдызы" (Повестер, «Жазушы», 1965), "Құланның ажалы" (Роман, повестер және әңгімелер. А., «Жазушы», 1969, 1976 және 1977 (орыс тілінде), 1985).
Бүгін Ақан Нұрмановтың қаламынан туған "Кеш" атты өлеңді сіздерге таныстыруды парыз санадық.