Рудный мешіті жаңартылуда

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «ССКӨБ» АҚ қаржылай қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.DSC_6192
Алланың жердегі үйі 2008 жылы пайдалануға берілген болатын. Оның ашылу салтанатына ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, жаңа мешіттің қаланың қақ орталығында бой көтеруі мұсылмандардың рухани өміріне тың серпін беріп, имандылыққа үлкен бетбұрыс жасататындығына өз сенімін білдірді. Міне, араға 9 жыл салып, Елбасының айтқаны келді. «Нұр» мешіті Рудныйдың руханият ордасына айналды. Алайда күннің әсерінен оның күмбезі түссізденіп, шатырынан су кетті.DSC_6178
– Қазіргі таңда мешітіміз ғибадат орны ғана емес, қаланың көркіне көрік қосқан әсем ғимараттардың бірі. Сондықтан оны сол қалпында сақтап, келешек ұрпақтың игілігіне беру – маңызды іс. Осы орайда, мешіттің салынуынан бастап қамқорлығын аямай келе жатқан кен алыбының басшылығына шын алғысымды білдіремін, – дейді бас имам Азамат Мырзақанов.DSC_6147
Жөндеу жұмыстарына қала құраушы кәсіпорынның қайырымдылық қоры 50 миллион теңге бөліпті. Бұл қаржыға мешіттің күмбезі ауыстырылып, шатыры жөнделмек. Сондай-ақ ішкі әрлеу жұмыстарына да үлкен көңіл бөлінетін болады. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, жаңарту жұмыстары қазан айының ортасына дейін жалғасады. Осындай ұзақ мерзім жұмыстардың сапалы орындалуына мүмкіндік береді дейді мамандар.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓