Көмек көл-көсір

Биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия беру тәртібін өзгертудің нәтижесінде 25 млрд теңге үнемделді. Әрі бұл шара өнімдердің көлемін 29%-ға арттыруға мүмкіндік береді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, жүзден астам ірі қара  семіртіп отырған шағын мал бордақылау фермаларына да мемлекеттен қолдау көрсетілген.  Сөйтіп,  биыл субсидия алатын тауар өндірушілердің саны үш есеге артқан. Мәселен, 2017 жылға дейін мал шаруашылығымен айналысатын 175 қожалық субсидия алыпты.IMG_0290Жалпы, бүгінде 500-ден аса тауар өндірушіге осындай қолдау жасалды. Осылайша министрлік 2021 жылға дейін мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 40%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ кооперативтер сүт зауытына өткізген сүттің әр литріне 10 теңгеден субсидия алады.
-Бұрын инвестициялық субсидияландыруға қойылатын талап өте жоғары болатын. Яғни,  ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін шағын шаруашылықтар мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмайтын. Мәселен, былтыр 12,3 млрд теңге көлеміндегі субсидияның 49%-ын ірі шаруа қожалықтары алған. Бұл қатысушылардың небары 2%-ы ғана. Яғни мемлекеттік қолдаудың тең жартысы соларға үйлестірілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓