Меморандум берер мүмкіндік
Eurasian Resources Group (ERG) пен Қостанай облысының әкімдігі өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Биыл осы өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға Еуразиялық Топ 3,5 млрд теңге бағыттамақ. Бұл туралы компанияның Корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.
Меморандумға ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары – Топтың бақылаушы кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Меморандум аясында 2021 жылы ERG бөлетін сома – 3,502 млрд теңге.
Бүгін қол қойылған Меморандум ҚР Үкіметі мақұлдаған аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жасалып отыр. Қаражаттың басым бөлігі Рудный қаласының жылу желілерін күрделу жөндеу мен өңір тұтынушыларын арзандатылған бағада электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталмақ. Бұдан бөлек, «Горняк» мәдени-сауық орталығын жаңарту құжатта атап көрсетілген. Рудный индустрилық институтына оқытуға қажетті жабдықтар сатып алу да қамтылған. Оқу ордасына Қостанай облысы әкімдігінің білім беруді қолдауды көздеген үш жылдық бағдарламасы аясында көмек көрсетілмек. Сондай-ақ, Меморандумда Қостанай қаласы әуежайының ғимаратын жөндеу жұмыстары да жоспарланған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасын қолдап, көмек көрсету тармағы да Меморандумда қамтылды.
– Біздің «туған» қалаларымызға деген қамқорлық ерекше болуы тиіс, себебі ондағы тұрғындардың басым бөлігі – біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелері. Біздің жұмысымыздың нәтижесін алдымен көретін де солар. Біздің басты міндет – олардың өмірін жайлы әрі қызықты ету, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Осымен төртінші жыл қатарынан ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған жобалар Меморандумдар тізіміне енді. Биыл «ERG қаласы» байқауының финалына шығып, командалар тиянақты әзірлеп әбден пысықтаған жоба жүзеге асырылмақ. Рудный қаласында екі жылы аялдама орнатылады. Бірі ССКӨБ өңдіріс аумағында болса, екіншісі қала орнатылығында. Орталық «Достық» саябағында «ERG-Джуманджи» атты жаңа арқан саябағы салынбақ. Қызметкерлер бастамасымен жеңіс күні қарсаңында Арқалықтың қалалық саябағындағы ескерткіш обелиск жаңғыртылып, отбасылар тынығатын жаңа саябақ та ашылмақ. Рудный мен Лисаков қалаларының орталық көшелеріне көліктердің жылдамдығын анықтайтын электронды таблолар орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септеседі. Бұдан бөлек, Лисаковск қаласы мен Октябрьский кентінің ауруханалары алдын ала диагностика құралдарымен жабдықталады. Ал, Рудныйда Техника паркі құрылмақ.
ERG осымен 17 жыл қатарынанЕуразиялық Топтың өндірістік кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келеді.
Еуразиялық Топтың 2001-2020 жылдар аралығында осы өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 280 млрд теңгеден асты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ