Бас қаладағы кездесу: екінші күн

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Қостанай облысының күндері жаңа бағдарламалармен толықты. Солардың маңыздысы Астананың сол жағалауындағы «Сәтті» мейрамханасында өтті. Мұнда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосты. Сондай-ақ, облыстың барлық БАҚ бас редакторлары шақырылды. Кездесуді белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет тізгіндеп отырды. Қонақтарды ыстық ілтипатпен қарсы алған өңір басшысы атқарылған істер туралы баяндады.Syi47lL1Zh8
RX3yPgInN_g– Астананың төрінде жиылуымыздың маңызы зор. Ағымдағы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Сол мақала аясында көптеген жобалар қабылданды. Соның бірі – «Туған жер» бағдарламасы. Міне, осыған сәйкес өңірімізге ғана емес, әлемге есімдері белгілі тұлғалармен кездесіп, сұхбаттасқымыз келді. Елім дейтін кез келген адам туып-өскен елді мекендеріне, білім алған мектептеріне көмек көрсетеді. Естеріңізде болса, мен «Көркейе бер, Қостанай!» атты акция қабылдаған едім. Оған көбіңіз қатыстыңыздар. Игі істерге бірге куә болдық. Ірі шаруашылық басшыларының қолдауымен ұзақ жылдар бойы құрылысы тұралап қалған мешітті салып, жамағаттың игілігіне тапсырдық. Ендігі жоспар – Жәнібек тарханның ескерткішін тұрғызу. Енді сәулеті де, келбеті де көз тартарлық ескерткішті тамыз айында ашамыз. Бір ғасырға жуық уақыт бойы жат жерде сақталған Кейкі батырдың бассүйегі елімізге оралды. Қазіргі уақытта кесенесінің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айында Амангелді ауданының аумағында, Арқалық қаласында батырдың бас сүйегін жерлеу рәсіміне байланысты бірқатар шара өтеді. Бұл шараларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшылық жасайды. Жалпы кесене құрылысы аяқталуға жақын, – деді Қостанай облысының әкімі.p_SEzMOlHaEКездесу барысында Архимед Мұхамбетов 1998-2004 жылдары Қостанай өңірін басқарған Өмірзақ Шөкеев пен 2004-2012 жылдарда әкім болған Сергей Кулагинге, сонымен қатар танымал жазушы Сәбит Досановқа облыстың 80 жылдық мерейтойына арналған медаль табыс етті.5hiUEjkpXWE
VeDBFaia4C8
Yk6Tj-J_d5g– Елбасымыз мені отыз төрт жасымда Қостанай облысына әкім етіп тағайындады. Сол кезде еліміздегі жетекші өңірлердің біріне басшы болудың жауапкершілігін түсіндірді. Басында оңайға түскен жоқ. Міне, бүгін сонау қиын-қыстау уақытта маған көмектесіп, қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестерімді көргеніме қуанып отырмын. Сіздердің арқаларыңызда Қостанай өркендеді, өсті. Шынымды айтайын, Қостанай әлі де менің жүрегімде. Тың жаңалықтарыңызды естіп жүрміз. Қуанышта жолығайық! – деп, ағынан жарылды Өмірзақ Шөкеев.tdQRe-isAEsОсыдан соң қаламгерлер Төлен Әбдікұлы мен Қойшығара Салғарин пікірлерін білдірді. 
– Қостанай – Алаштың санасын оятқан өлке. Ал Алаш азаматтарының ерен еңбектерін барлығын білесіздер. Бұрын облыс басшыларымен кездесе қалсақ, тек қана экономикалық көрсеткіштер, атқарылған жұмыстарымен ғана таныс болатын едік. Қазір рухани әлемге көбірек көңіл бөліне бастады. Осы бағыт халыққа ұнайды. Тек қана көлденең қиындықтардан сақтасын! – деді Төлен Әбдікұлы.faRp4haVEEEТоқтарбай Қадамбаев, Сайлау Байзақов, Сапар Ысқақ, Ғалым Байназаров, Серік Тұрғынбекұлы, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбіл, Ерлан Сағадиевтер де Қостанай облысының көркеюі турасында әңгіме өрбітті. Облыс басшысы тұлғалар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді ескеріп, алдағы уақытта жүзеге асыратынын айтты. Ал Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит бізге берген сұхбатында болашақта бокс мектебін ашуға ниетті екенін жеткізді.pRairsYRfHk
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

1 Response

  1. Cамал Маратқызы айтты:

    Қостанай туралы ақпаратты алуға көмектескен Қасқырбай әріптесімізге мың алғыс. Көмектесуге келгенде азамат екен. Қаншама нәрсені біледі. Сөз сөйлеу, кісілік қабілеті жоғары екен. Журналистік жолы да өзге. Ризамын! Қазақтілді журналистикаға сен сияқты жастар керек, Қасеке! Танысқанымызға қуаныштымыз. Самал апаң, фотаграф – Медет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓