Тақтақ ақынға құрмет

Қостанай ауданы орталығындағы Нұржан Наушабайұлы атындағы мектеп-гимназияда осы білім ордасын есімі иеленген біртуар перзент, дүлдүл ақын, палуан, өткен ғасырдың замана жыршысының құрметіне мұражай ашылды. Бұл бастама оқу орны басшылығының көптен жоспарында болған, бірақ қаржының қол байлауынан жүзеге аспай жүрген науқан екен. Енді міне, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің қолдауымен қолға алынып отыр.IMG_1810
 
IMG_1806
IMG_1830
«Мұражай – тарих айнасы» атауымен өткен салтанатты жиында шақырылған қонақтар сөз алып, бабамыз жайында біраз мағлұматтар берді. Наушабайдың Нұржанын тақтақ ақын деп бекер атамаған. Көзі тірісінде Петербор, Қазан қалаларында үш кітабының басылып шыққанын айта кетейік.IMG_1817
 
IMG_1832
IMG_1829Ал музейдің өзі заманауи стильде жарақтандырылып, ішіне Қостанай ауданы Владимиров ауылындағы Наушабайұлына қойылған ескерткіштің көшірмесінен бастап, Алаш қайраткеріне қатысты мәлімет-ақпарат, заттармен толтырылған. Бір қызығы, музей есігінен кіргеннен біртуар тұлғаның әндерін тыңдап шығасыз.IMG_1813
 
IMG_1897
IMG_1861
IMG_1850
IMG_1862
IMG_1878
IMG_1843
IMG_1876
IMG_1886
IMG_1840
IMG_1908
IMG_1808
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓