Астана төрінде – қостанайлықтар 

Бұл күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қостанай облысының күндері өтіп жатыр. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов бастаған қостанайлықтар көрмеге келіп, бірқатар павильонды тамашалады. ct6Ix23cHdgҰйымдастырушы тарап астықты алқаптан келген қонақтарды қарсы алып, таныстыру жұмыстарын жүргізді. Бірінші нүкте – көрменің архитектуралық символына айналған «Нұр әлем» нысаны. Сегіз қабаттан тұратын шар тәріздес ғимараттың әр қабаты жекелей тақырыптарға: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы» экспозициясы деп аталады.m1QGb1gknKkАрхимед Бегежанұлы көрмеге қойылған жобаларды жоғары бағалады. Ол жаңғыртылатын энергия көздерінің әлем жұртшылығы үшін өзекті екендігін айтты. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағындағы екі жел генераторы да келушілердің қызығушылығын арттырады. Осы тұста Қостанай облысының әкімі электр энергиясымен жүретін скутерге отырып, оған қызығушылық танытты. Айтпақшы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» саябағына осындай 10 скутерді сатып алуға тапсырма берді.yJlAMyQx5OwӘрі қарай қостанайлық делегация Испания, Австрия, Польша, Нидерланды, Германия сынды экономикадағы алпауыт елдердің павильондарына жол тартты. Олардың барлығы болашақтың қуаты тақырыбын арқау еткен. Мәселен, Нидерланды болашақтың энергиясын өз елінде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдерімен тікелей байланыстырады. Австрия қуат машинасын ұсынса, Швейцария инновациялық үйлерімен көпшіліктің назарын аудармақ. Жел генераторларын шығару бойынша Испания Еуропада екінші орын алады. Бұл елде 1077 генератор орнатылған. Жел энергетикасы технологиялары экспортының жылдық үлесі – 2,5 миллиард евро. Алпауыт АҚШ үш бөлімнен тұратын бағдарламасында «таусылмас қуат» көрсетуді көздеп отыр. Айта кетейік, келушілердің басым көпшілігі осы Америка павильонында жүр. 
5hJJ8GYbrMY
5eel0QDJFCgМейіржан Мырзалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
«Бүгін бірқатар павильонды аралап шықтық. Біздің облысымызға тиімді, қолдануға болатын жобаларды қарадық. Олардың ауқымдылары ауыл шаруашылығы және баламалы энергияларды өңдеу салаларына қатысты болды. Көрме тақырыбына келсек, әсіресе, Германия, Нидерланды, Испания елдерінің бастамалары жаман емес. Бұл жобаларды кәсіпкерлермен бірге талқылап, облысымызға қажеттісін таңдайтын боламыз».
 
 
 
 
Aff9tRBqEuY
Зәуреш Хабдуллина, Рудный индустриалды институтының кафедра меңгерушісі:
«Табиғи қорларды азайтпау үшін баламалы энергия көздерін пайдалануымыз керек. Бұл әлдеқашан дәлелденген. Көрме аяқталған соң біздің бір ұтатын тұсымыз – баламалы энергияны тәжірибе жүзінде іске асыру. Оқу маусымы басталған соң бірінші кезектегі шаруа осы тақырыпты барынша қолға алуға бағытталады. Мұны оқу орны басшысы да қолдап отыр. Негізінен біздің институтта бұл тақырып жеті жыл бойы оқытылып келеді. Германия және Ресейдің оқу орындарымен тәжірибелік байланыс жасадық. Биылдан бастап жаңа инновациялық жобалар енгізу жоспарда тұр. Олардың бірнешуі ағылшын тілінде оқытылады. Бұл біздің студенттердің биіктен көрінуіне, облыс экономикасын дамытуына мүмкіндік ашады».
 

«Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын!»
Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық алаң – Амфитеатрда Қостанай облысының Мәдениет күндері өтті. Облыс әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.0vX4BevwGG0 Арнайы шақырылған қонақтардың арасында Төлен Әбдік, Қойшығара Салғарин, Серік Тұрғынбекұлы, Сайлау Байзақов сынды елімізге танымал тұлғалар болды. UADkS7H1lvcКонцертті қазақ және орыс аспаптары оркестрі сүйемелдеп отырды. Сондай-ақ, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері қала тұрғындары мен қонақтарының алғысына бөленді. Шара «Костанайские зори» би ансамблінің орындауындағы «Мереке» хореографиялық композициясымен ашылды. alCNW0rT7Tc
zXP9lKbruuQОсыдан кейін белгілі күйші Анар Мұздаханова, әншілер Роза Нүркей, Арыстан Құрманов, Шахаризат Сейдахмет, Нұрболат Арзамасұлы, Сүндет Байғожиндер сахнаға көтерілді. pXJGhMAZ0wE
VTCh3asqZrA
erzCzbqj6dQ
Id24g_9SsVA
W3UEMSw_o6sМәдени шараның шымылдығы Жәнібек Жұмахан, Нұрсұлу Құснетова, Виктор Проценко, Анна Уварованың орындауындағы «Мәңгілік ел» әнімен жабылды.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓