Партия филиалында жаңа басшы
«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жаңабай Бисембаев тағайындалды. Облыстық филиал төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов басқа жұмысқа ауысты. Кадрлық тағайындау іс-шарасына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жаңа орынбасарды партия белсенділеріне таныстырды.
(Жаңабай Бисембаев)
-Бисембаев Жаңабай Жолтайұлы соңғы төрт жылда Қамысты ауданында әкім болды. Облыс әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Таран ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы сияқты жауапты лауазымдарды атқарды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуде тәжірибесі бар,-деген облыс әкімі А.Мұхамбетов жаңа орынбасарға партия жұмысына қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Қазақстанның Еңбек ері Сайран Бұқанов пен облыстық мәслихат депутаты Екатерина Смышляева Жаңабай Бисембаевтың жұмысына сәттілік тілеп, Елбасының тапсырмаларын орындауға жұмыла кірісетіндерін айтты.

Жаңабай Бисембаев 1973 жылы қазіргі Меңдіқара ауданы Михайловка ауылында туған. Білімі жоғары, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 1998 жылы психология мамандығы бойынша, 2005 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің гуманитарлық пәндер оқытушысы болып бастады.
2000 жылдан бастап Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінде – Таран ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саясат бөлімінің меңгерушісі және басқа да лауазымдарында жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
2013 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы шілдеге дейін Қамысты ауданының әкімі лауазымын атқарды. Сол жылдары «Нұр Отан» партиясы Қамысты аудандық филиалының төрағасы болды. 2010 жылғы 15 мамырдан бастап «Нұр Отан» партисының мүшесі.