Біз қайда кетіп барамыз?
Шынымен де, біз қайда кетіп барамыз? Кімге айналып барамыз? Ел ішінде өз-өзіне қол жұмсап, жоғары қабаттан секіріп немесе өртеніп кетіп жатқан адамдар көбейді. Біз білетін тарихта Отан үшін отқа түскен батырлар бар. Олар мәңгілік ел есінде қалды. Ал, тұрмыстың ауыртпалығы үшін қарақан басын өлімге қиғандар кімдердің есінде сақталмақ?

Бос сандалған жастар жұмыссыздардың қатарын арттырып жүріп жатқаны. Осылай жүрген ұл мен қыз бойдақтардың қатарын да өсірді. Мұның өзі халқымыздың демографиялық көрсеткішіне кері әсерін тигізері анық.
Дәрігерлердің ішінде ел ал-ғысына бөленіп жүргендері де бар. Бірақ өз ісіне салғырт қараған мамандарды көріп ішің удай ашиды.
Біз ғұмыр кешіп жатқан заманның қилы-қилы сәттерін айта берсең жетіп артылады. "Қай жарамды қасиын қотыр болған денемнің" дегеннің кері.
Өмірзақ Беков,
зейнеткер.
Қазақстан ауылы,
Қостанай ауданы.