Кеніштің әлеуеті артты

Сарыбай кенішінде ауқымды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.DSC_0767
«ССКӨБ» АҚ-да «Идеялар фабрикасы» жобасы қолға алынғалы шығарылатын өнімнің түрлері мен сапасын арттыру, еңбек өнімділігі мен еңбекті қорғау саласында жүздеген инновациялық идеялар нақты жүзеге асып, миллиардтаған қаржы үнемделді. Солардың қатарында бірлестіктің инженерлік-техникалық қызметкерлері Евгений Калюжный мен Ержан Әзімқалиевтың ұсынған «Кен қорын пайдалану мақсатында Сарыбай кенішінің шығыс бортын қайта жаңғырту. Ішкі үйіндінің көлемін арттыру» жобасының шоқтығы биік. Былтыр бұл жоба кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиевтың зор қолдауына ие болып, өндіріске енгізіле бастады.DSC_0837
– 2016 жылдың сәуірінде Сарыбай кенішінің шығыс бортында алғашқы жарылыс жұмыстары жүріп, алғашқы кен фабрикаға қарай жол тартты. Бүгінде 160 метр горизонтта 3 экскаватор мен бірнеше ауыр жүк көлігі, ұзын саны 18 жұмысшы тау массасын қопарып, кенді аршып жатыр. Осы уақытқа дейін 4 млн тонна кен өндіріліп, кеніштегі үлесі 40 пайыздан асты, – дейді Сарыбай кен басқармасының техникалық бөлімінің маманы Александр Король.
Аталмыш жоба кеніштің пайдалану мерзімін 2020 жылдан 2031 жылға дейін ұзартты. Шығыс бортты қайта құру барысында «Айвидон» темір жол посты мен қоймалар 160 метр горизонттан 120 метрге ауыстырылып, көлік кемері жойылды. Осылайша 2016 жылы кәсіпорынға 3,4 млн доллар пайда әкелді. Жаңғыртуға кеткен шығын көлемі болса небары 500 мың долларды құрады. Маманның есептеуінше, жобаның арқасында алдағы 14-15 жылда 44 млн тонна кен өндіруге болады.DSC_0856
Айта кетейік, биыл кен алыбы Қазақстан, Ресей мен Қытайдағы әріптестеріне 10,4 млн тонна темір кені концентраты мен шекемтасты жөнелтуді көздеп отыр. «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Сағатұлы дамудың дәл осындай қарқынымен келесі жылы 12 млн тоннаға дейін дайын өнімді өткізуге мүмкіндік туатындығын айтады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓