180 мас жүргізуші ұсталған
Облыстық ІІД қызметкерлері жыл басынан бері автокөлік рөліне мас күйінде отырған 180 жүргізушіні тоқтатқан. Оның үстіне, барлық тұтылғандар бұрын да соттың араласуымен жүргізуші көлігінен айырылған болып шықты.
Соңғы оқиғаны мысалға келтірсек, 26 шілдеде Рудный қаласының Топорков көшесінде полицейлер 33 жастағы «Фольцваген Пассат В-3» көлігінің басқарған жүргізушіні тоқтатты. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оның жүргізушілік кәулігі өткен жылы сот шешімімен тартып алынған. Бұл жолы да ол тізгінге мас күйінде отырыпты.
Осы дерек бойынша, қазіргі уақытта ҚР ҚК 346 бабының 1-тармағы (Автокөлікті куәліксіз басқару) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.