Жартыжылдық қорытындыланды
Облыстық соттың сот алқаларының төрағалары статистикалық мәліметтерді келтірді. Сонымен, 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында 2 922 қылмыстық іс қаралған, ал бұл көрсеткіш 2016 жылы 1945 іске тең болатын. Жыл басынан 30 адамға қатысты ақтау үкімдері шығарылған.
Бітімгершілікке келтіру рәсімдерін кеңінен қолданудың нәтижесінде медиативтік келісіммен аяқталған істер саны 498-ден 741-ге дейін артты.
Азаматтық істерге келетін болсақ, осы мерзімде облыс соттарының қарауында 34 036 азаматтық іс және 36 144 материал, барлыңы 70 180 іс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48 893 іске артық.
Сотқа түскен шағымдар саны 18 пайызға артқан.
Биылғы жылы бірінші сатыдағы соттарда бітімгершілікке келу тәртібінде 1189 келісім бекітсе, ал былтыр бұл көрсеткіш 967 іс болды. Апелляциялық сатыда медиация қолданумен 21 қаулы шығарылды.
Соттарда партисипативтік рәсімдерді жиі қолдану жалғасуда. Аталған рәсім тәртібінде аяқталған істер бойынша облыс соттары республика бойынша 5 орын алған.
Өткен жылға қарағанда әкімшілік істер саны аздам кеміген. Барлығы 11 287 істер мен материалдар қаралған.
Кеңейтілген кеңес барысында Қостанай облысының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары баяндамалар жасады. Облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев сот төрелігін атқаруда жұмысты жақсарту қажеттілігіне тоқталып, әріптестеріне осы жылғы екінші жартыжылдыққа жаңа талаптар қойды.
Сонымен қатар, төраға электрондық технологияларды қолдану саласында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, судьялардың өз беттерімен білімдерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтты.