Қарабалықта көпқабатты үй қирады
Қостанай облысы Қарабалық кентінде көп қабатты үйдің балконы опырылып түсті, деп хабарлайды «Аlau» порталы. Қарабалық кентінің әкімі Қанат Сәкеновтің хабарлауынша, Титов көшесіндегі екі қабатты үйдің балконы құлаған. Бұл үй 1980 жылы салынған екен. Құрылыс жұмыстары батпақты жерде жүргізіліпті. Ресми деректер бойынша, бұл үйде 32 адам тұрған.-Әр көктемде бұл үйдің жертөлесін су басады. Бұл жолы да жер асты суы жырып өткен. Балкон опырылған кезде ешкім болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ары қарай балконды бөлшектеу керек болды. Апатты жедел түрде жойды. Адамдар эвакуацияланды, – деді Қарабалық кентінің әкімі Қанат Сәкенов.
Үйден жедел түрден 16 адам, соның ішінде екі бала шығарылды. Оқиға орнында энергетиктер, газшылар жұмыс істеді. ТЖ қызметінің дерегі бойынша, ғимараттың опырылу қаупі жоқ.