Қонысбек кино түсіруді қолға алды
Жақында қазақ киносы тағы да бір тарихи туындымен толығуы мүмкін. Бұлай деуімізге себеп, Қостанайда қысқа метражды көркем фильмнің түсіру жұмыстары басталды. Оны І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров қолға алды. Оқиғаның желісіне 17-18 ғасырлардағы елінің азаттығы жолында шайқасқан қазақ батырларының өмірі арқау болады.

Әлібек Ыбырай