Депутаттар кеншілермен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірімізге сапары барысында «ССКӨБ» АҚ жұмысымен танысты. Темір кенімен танымал кәсіпорында халық қалаулылары шекемтас өндіру үдерісімен танысып, кеншілердің талап-тілегіне құлақ түрді. IMG_5676Бүгінде кен алыбында өнімнің сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру, техникалық және технологиялық жаңғырту дұрыс жолға қойылған. Соның арқасында әлемдік шикізат бағасының құлдырауына қарамастан компания 2016 жылды табысты аяқтады. Биыл Қазақстан, Ресей мен Қытайлық әріптестеріне 10,8 млн тонна темір кені концентраты мен шекемтасты жөнелту жоспарда бар. Осындай қарқынмен келер жылы бұл көрсеткіш 12 млн тоннадан асып түсуі мүмкін. Кәсіпорындағы орташа жалақы көлемі 175 мың теңге. Депутаттар, әсіресе, жұмыскерлердің әл-ауқатын көтеруге бағытталған шараларға жоғары бағасын берді.IMG_5329
– Комбинат мәдениет пен спорттың дамуына үлес қосып қана қоймай, өз жұмыскерлері мен олардың балаларының демалысына үлкен көңіл бөледі екен. Мысалы биыл жазғы лагерлер мен демалыс орындарында 5000-ға жуық баланы сауықтыру жоспарланған. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту міндеттерін орындауға деген компанияның орынды бетбұрысы, – дейді мәжілісмен Ерсұлтан Бектұрғанов.IMG_5509
Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақтар Металл илектеу зауытының ұжымымен кездесіп, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың өсуі, кәсіби білім мен біліктілікті арттыру, міндетті медициналық сақтандыру тақырыбында сөз қозғады. Сондай-ақ депутаттар Кадрлардық оқытып даярлау орталығы мен «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығын аралап, мұнда атқарылып жатқан игі істер мен өзгерістердің куәсі болды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓