Ыбырай Алтынсарин атындағы саябақ ашылады
Қазіргі уақытта Қостанай ауданындағы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте ол жерде жаңа саябақ пайда болмақ. Оған 80 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады. Бөлінген қаржыға кесенені жөндеу және сол аймақты абаттандыру қарастырылған.-Ыбырай Алтынсарин атындағы жаңа саябақ болады. Ол еелешекте қала қонақтары мен тұрғындары үшін тамаша, тарихи мәні зор орынға айналады. Сондай-ақ, түрлі іс-шаралар өткізуге қолайлы етіп жасамақпыз. Бәрімізге мәлім, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы мектеп оқушылары үшін қазір музей сабақтары оқытылады,-деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Сонымен қатар биыл Қостанайда Шақшақ Жәнібек ескерткіші мен Кейкі батыр кесенесі бой көтереді.