13 мерт биіктіктен құлап кетті

Қостанайлық 46 жастағы азамат 13 метрлік биіктіктен құлады, деп хабарлайды Alau.kz тілшісі. Жапа шегушінің бірнеше мүшесі сынып, қолынан айрылған. Қалалық ауруханада оған көптеген ауыр ота жасалды. кран
(Сурет Alau.kz сайтынан алынды)
Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға жеткізілгенде сол жақ қолы иықтан төмен болмаған. Сол жақ жамбасының сүйегі ұсатылған, сол сирағының ашық сынығы бар, оң аяғының табан сүйегі қираған, сол жақ өкпесі ауыр зақымданып, үшінші деңгейлі зақымданудан есеңгіреу алған және қан жоғалтқан. Оның беті бері қарау үшін ауруханада бірнеше ай өткізуіне тура келеді. Науқасты әлі талай оталар күтіп тұр. 
Ол үш тәулік бойы өкпені жасанды вентиляциялау аппараты арқылы демалған. Қазір өздігімен тыныс ала бастады. Ес-жады қалпында. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. "Бірақ құлантаза айығады деп кесіп айта алмаймыз, уақыт көрсете жатар" дейді ақ халаттылар.
Ол қазіргі уақытта Орталық стадионның жөндеу жұмысымен айналысып жатқан компанияда жұмыс істеп жүрген еді. Оқыс жағдай сол жерде болды. Ол туралы пікір айтудан компания басшылығы бас тартқан. Бүгіндері осы оқиғаға байланысты қалалық прокуратура тергеу жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы да іске араласты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓