Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі басталды

Қостанай облысында әлеуметтік жобалар мен идеялардың жәрмеңкесі өтіп жатыр. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға Қостанай өңірінің аудандары мен ауылдарынан және Астана, Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан делегаттар келді.  IMG_9335
IMG_9344Жәрмеңкеде әлеуметтік жобалар мен идеялар байқауының жеңімпаздары анықталмақ. Аталмыш байқауға 103 өтінім келіп түскен. Соның сегізі финалға өтті. Арнайы құрылған комиссия үздік төрт жобаны таңдап алады.IMG_9346
IMG_9341Жәрмеңкенің ашылу салтанатына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бибігүл Аққожина делегаттарды облыс әкімінің атынан құттықтады.IMG_9412-Бұл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған жәрмеңке. Іс-шара мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталып отыр. Жәрмеңкеге орай республикамыздың әр аймағынан делегаттар келді. Аймақтардан келген ҮЕҰ-дың арасындағы әріптестік қарым-қатынас арта беруіне тілектеспін,-деді Б.Аққожина.IMG_9337Байқауға ұсынылған жобалар мен көршілес облыстардағы үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесі туралы газетіміздің алдағы санынан оқисыздар.

Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓